Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жадынама

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша  жадынама

Құрметті азаматтар!

Әлемдегі короновирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығың сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды  сұраймыз:

  • вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
  • дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
  • тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
  • тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
  • жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т. б.);
  • қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);
  • қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
  • адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
  • жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;
  • қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
  • ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;
  • короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып алуға болады.

Халықтың жаппай жиналатын орындары – короновирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдайдың шиеленісуі мүмкін болған кезеңде қоғамдық денсаулық сақтау саласында эпидемиялық төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін объектілер.

Бұл объектілердің короновирустық инфекция бойынша эпидемиялық маңыздылығын төмендету және халық арасында таралып кету қаупін алдын алу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, олардың қызметін шектеу, сондай-ақ казармалық жұмыс режиміне ауыстыруға дейін олардың қызметін уақытша тоқтату жолымен төмендетуге болады.

Төменде «Халықтың жаппай жиналатын орындарының тізімі» көрсетілген.

 

Халықтың жаппай жиналатын орындарының тізімі

Объектілердің атауы

Тәуекелдің жоғары деңгейі

Тәуекелдің орташа деңгейі

Тәуекелдің төмен деңгейі

1.

медициналық ұйымдар (жеке және мемлекеттік, ауруханалар, емханалар, дәріханалар)

 

 

 

2.

санаториялық-курорттық мекемелер

 

 

 

3.

МДМ (балабақшалар, білім беру және дамыту орталықтары)

 

 

 

4.

оқу орындары (орта, арнаулы орта және жоғары)

 

 

 

5.

жолаушылар мен тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік қызметтері ұйымдары (метрополитен, әуежай, вокзалдар, автовокзалдар, теңіз порты)

 

 

 

6.

мәдени-жаппай іс-шараларды өткізу орындары (сауда және ойын-сауық орталықтары, стадиондар, спорт кешендері, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, мейрамханалар мен дәмханалар, т. б)

 

 

 

7.

вахталық, ірі құрылыс және өнеркәсіп нысандары

 

 

 

8.

діни нысандары (мешіттер, шіркеулер, храмдар, медресе, діни мектептер, сондай-ақ жерлеу үдерістері және т. б.)

 

 

 

9.

тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары, ірі және шағын қоғамдық тамақтану нысандары

 

 

 

10.

азық – түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда нысандары

 

 

 

11.

пенитенциарлық мекемелер (СИЗО, қамау орындары)

 

 

 

12.

медициналық-әлеуметтік мекемелер (балалар, мүгедектер және қарттар үйлері)

 

 

 

13.

халыққа қызмет көрсету орталықтары

 

 

 

14.

коммуналдық нысандар (моншалар, кір жуатын орындар)

 

 

 

Ескертпе: Адамдар саны. Жоғары (500-ден жоғары), орташа (100- ден 500-ге дейін) және төмен деңгейлер (50- ден 100-ге дейін), жұқтыру қаупі адамдардың сыйымдылық саны және объектілердің эпидемиялық маңыздылығы ескеріле отырып есептеледі.

Халық арасында короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупіне неғұрлым жиі ұшырайтын топтар – қызметі халықаралық және жергілікті көлік қатынасымен, жолаушылар тасымалымен айналысатын, келушілерді тексеріп қарауды, оларды бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар; медициналық көмек көрсету және күтім жасау барысында, короновирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырғандармен тікелей жанасуға мәжбүр, сондай-ақ олардың биоматериалымен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері; діни нысандарына келушілер (мешіттер, шіркеулер, храмдар, жерлеу үдерістері және т. б.); нашар желдетілетін, тығыз, қараңғы, ылғал үй-жайларда орналасқан қамау орындарындағы тұтқындалғандар, аталған адамдар топтары короновирустық инфекцияның одан әрі таралуына ықпал етеді.

Тәуекел тобының эпидемиялық маңыздылығын төмендету алдын ала олармен кішіден  аға персоналға дейін ЖҚҚ қолдану бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, мұқият нұсқама беру, биологиялық қауіпсіздік және эпидемияға қарсы режим ережелерін оқыту және ЖҚҚ-мен уақтылы қамтамасыз ету арқылы, қажет болған жағдайда олардың қызметін уақытша тоқтатуға дейін, қызметкерлер арасында короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін алдын ала төмендетуге болады.

Төменде «Өз кәсіби қызметіне байланысты инфекцияны жұқтыру қаупіне неғұрлым жиі ұшырайтын тәуекел топтар тізбесі» көрсетілген.

 

«Өз кәсіби қызметіне байланысты инфекцияны жұқтыру қаупіне неғұрлым жиі ұшырайтын тәуекел топтар тізімі»

Тәуекел тобының атауы

Жоғары тәуекел

Орташа тәуекел

Төмен тәуекел

1.

медициналық көмекті, күтуді жүзеге асыратын, сондай-ақ науқаспен немесе жұқтырғандармен тікелей байланыста үй- жайларда жинау жүргізетін медициналық қызметкер (барлық медициналық құралымдар, жедел жәрдем, емхана, дәріхана, прозекторлық-морг)

 

 

 

ауру немесе жұқтырғандардан сынама алу, биоматериалдарды тасымалдау және бөлшектеу бойынша манипуляцияларды жүзеге асыратын медициналық қызметкер, сондай-ақ олардың зертханалық зерттеулері (зертхана және медициналық құралымдар персоналы)

 

 

 

көрінеу белгісіз немесе ықтимал короновирус жұқтырған материал (қан, зәр және басқа да биоматериалдар) науқастардан Клиникалық зертханалық зерттеулерді жүзеге асыратын зертхана персоналы)

 

 

 

2.

қызметі халықаралық және жергілікті көлік қатынасы жолдарымен байланысты тұлғалар (әуе және су кемелерінің экипажы, ТЖ және автовокзал персоналы, Метрополитен персоналы, жолаушылар тасымалының жүргізушілері, таксистер)

 

 

 

3.

көп халықтың саны үшін қызмет көрсетумен байланысты персонал (ірі және шағын сауда орталықтарының, базарлардың персоналы, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері және т. б.)

 

 

 

4.

діни нысандар келушілері (мешіттер, шіркеулер, храмдар, жерлеу үдерістері және т. б.)

 

 

 

5.

шалғайдағы қамау орындарындағы, тергеу изоляторларындағы адамдар

 

 

 

6.

казармада жүрген адамдар (әскери қызметшілер, курсанттар)

 

 

 

Ескертпе: жоғары – науқастармен немесе жұқтырғандармен тікелей ұзақ байланыс; орташа – ықтимал науқастармен немесе жұқтырғандармен бір үй– жайда болу; және төмен тәуекел- ықтимал науқастармен немесе жұқтырғандармен ЖҚҚ қолдана отырып, бір үй-жайда қысқа мерзімді болу.

Обсерватор – короновирустық инфекция (COVID-19) бойынша қолайсыз мемлекеттерден келген, науқастармен немесе жұқтырғандармен байланыста болмаған, сондай-ақ карантин аймағынан тыс жерлерге шығуы қажет, оқшаулауландырылып және медициналық бақылауға жататын дені сау адамдарды орналастыратын арнайы бейімделген үй-жайлар (әкімшілік ғимараттарда, мектептерде, жатақханаларда, профилакторийлерде, қонақ үйлерде, балалар және спорт лагерьлерінде және т.б.).

Обсерваторда дене қызуы көтерілген және коронавирустық инфекцияның басқа да сигналдық белгілері бар адамдарды анықтау мақсатында медициналық бақылау жүргізіледі.

Обсерватор бөлімшелерін немесе палаталарын толтыру бір мезетте жүргізіледі. Обсервацияланушыларды түсу мерзімі бойынша, тең жағдайда болған немесе бір үй-жайлардан келген адамдарды басқа топтармен қарым-қатынасты болдырмау шараларын қолдана отырып, мүмкіндігінше шағын топтармен палаталарда орналастырады.

Обсерваторда таза блок (медициналық және қызмет көрсетуші персоналға арналған бөлмелер, обсервацияланушының залалсыздандырудан өткен заттарын сақтау, буфеттік, қосалқы үй – жайлары) және шартты түрде жұқпалы блоктар (қабылдау бөлмесі, палаталар, биологиялық материалды алу бөлмесі, санитариялық өткізу орны) көзделеді.

Персонал шартты түрде жұқпалы блокта II-типттегі қорғаныш костюмінде (ОҚК немесе ЖҚҚ) жұмыс істейді.

Обсервацияланған тұлғалар қатарынан медициналық қызметкерлер және басқа қызмет көрсететін персоналды обсерваторда жұмыс істеу үшін жұмылдыруға рұқсат етіледі.

Обсерваторда дене қызуы көтерілген немесе асқазан-ішек бұзылыстары байқалғана және коронавирустық инфекцияның басқа да белгілері бар науқас анықталған жағдайда оны провизорлық стационарға ауыстырады. Ауырған адаммен байланыста болған адамдарды диагноз қойғанға дейін сол жерде оқшаулайды. Науқастың диагнозы расталған жағдайда олар обсервацияға ауыстырылады.

Қалған обсервацияланатындар обсерваторда анықталған соңғы науқастың ауруханаға жатқызылған және қорытынды дезинфекция жүргізілген сәтінен бастап анықталған аурудың инкубациялық кезеңі мерзіміне обсервация ұзартылады.

Зертханалық зерттеудің теріс нәтижелері алынған жағдайда обсервациялаудың бастапқы мерзімі өзгермейді.

Обсерватор босатылғаннан кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі және дезқұралдар экспозициясын ұстағаннан кейін оны қайта толтыруға болады.

Обсерваторлар полицейлердің немесе әскери нарядтардың тәулік бойы күзетуінде болуы қажет.

Обсерваторда оқшауланған 1 санатқа жататын (04.03.20 ж. № 12 ПГС), содан соң медициналық бақылаумен қамтылатын тұлғалар төмендегі талаптарды орындауы қажет:

  • обсервацияланған тұлғалар орналастырылған палаталарды күніне кемінде 2 рет желдету қажет;
  • обсерватор үй-жайларында күнделікті ағымдағы дезинфекция жүргізу;
  • обсервацияланғандар жеке қорғану құралдарына (қолғаптар мен бет маскасы), дезқұралдарға алдын алу шараларын сақтау үшін қол жетімді болу керек;
  • дене қызуын күніне 2 рет таңертең және кешке өлшеу;
  • жеке гигиенаны сақтау (жеке: сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.);
  • жөтелу ережесін сақтау (жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен аузды жеңге басу немесе бір рет қолданылатын майлықтармен жабу, немесе орамал қолдану, оларды қолданғаннан кейін обсерватордың эпидемияға қарсы ережесінің көзделген шарттарына сәйкес жойылуға жатады, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу қажет);
  • обсервацияланған тұлға бір палатада жөтеліп және түшкіріп жатқан адамдардан кемінде бір метр қашықтықты сақтауы қажет;
  • мұрын-жұтқыншақ қуыстарын мүмкіншілігінше жиірек әлсіз сода ерітіндісімен шаю және содан соң қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирттік негізде антисептикті қолдану;
  • обсервацияланған тұлға жалпы дәретхананы пайдаланғаннан кейін унитазды дезертінділерімен өңдеу қажет, оның қолданған гигиеналық заттары жойылуға тиіс;
  • обсервацияланғандардың барлық қалдықтарың арнайы пакетке жинау, кейіннен биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жою;
  • короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары болу себебінен обсервацияланған тұлғаларға басқа адамдардың келіп кездесуіне үзілді-кесілді тыйым салынады;
  • обсервацияланғандарға туыстары бірінші кезектегі қажетті заттарды (жеке заттар, азық- түлік, киім және т. б.) жеткізуді санитарлық өткізгіш арқылы обсерватордың эпидемияға қарсы режимінің көзделген шарттарына сәйкес іске асырады;
  • обсервацияланғандарда ауру белгілері пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, қалтырау, мұрын, дене қақсауы және т. б.) медицина қызметкерлері обсерватор үшін арнайы әзірленген хабарлау схемасы бойынша ақпарат береді немесе жедел жәрдем шақырады;
  • обсервацияланғандар қосымша кеңес алу үшін кезекші медицина қызметкерлеріне жүгінеді, сондай-ақ күдікті жағдайлар мен жетіспейтін медициналық көмек туралы оларға хабарлай алады.