Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімі Арман Өтеғұловтың қатысуымен салтанатты шара өтті.
Жиынға шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі ерен ұстаздар қауымы қатысты.
Білім саласындағы қызметкерлер мен оқытушыларды төл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Арман Кәрімұлы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі, жетістіктері үшін бір топ ұстазды марапаттады.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалімен Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жемісгүл Гиззатова, Батыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен Богдановка негізгі мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, география, биология пәндерінің мұғалімі Шолпан Джумашева, Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, әлеуметтік педагог Құлынбек Ахметов, «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Магауира Джумагазиева марапатталды.
Облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және ұрпақ оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасын «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Бибінұр Капизова, «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Жумагуль Утегенова, Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Клара Утегалиева, Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімдері Сауле Ажимова, Марина Елекбаева, «Бүлдіршін» бөбекжайының директоры Нұргүл Мурзакаева, «Бөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Толқынай Жақсыгереева, «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Анар Хамитова, Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Ержанова, Магистрал жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Дүйсенгалиева, Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрболат Дүйсенгалиев, Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ерғали Мырзағалиев, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айдана Алғазиева мен қосымша білім беру педагогі Айбек Гатауов иеленді.
Аудан әкімі Арман Өтеғұловтың атынан алғыс хат Айгүл Зоханова («Бәйтерек» бөбекжайы), Гүлжан Сахипкереева («Назерке» бөбекжайының тәрбиешісі), Әсем Ермуканова (Покатиловка мектебі), Ләззат Какиева, Зульфия Калауова (Чапаев мектебі), Салтанат Урбисинова (Федоровка қазақ мектебі), Асқар Ильясов (Ы.Алтынсарин атындағы мектеп), Ақтолқын Ныкмуканова (Талпын негізгі мектебі) және Замир Жумабаевқа ( Восход мектебі) табысталды.
«Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Гүлнұр Аткеева «Бала бағбаны», балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогі Людмила Анаисова «Табиғат жанашыры», Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Света Алдонгарова «Алтын ұрпақ», Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Нұрлы Шындаулетова «Педагог-волонтер», Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Бибігүл Керешова «Үздік директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары», Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ерлан Арыстанов «Үздік көшбасшы» аталымын иемденді.
Ұстаздарға аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымы атынан естелікке бағалы сыйлықтар берілді.