Батыс Қазақстан облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылдың 01 қарашасынан бастап білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жалақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында, «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі функционалы іске асырылуда.
2025 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша жалпы сомасы 54 934,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
Ең көп бұзушылық мәдениет саласындағы ұйымда анықталды. Мұнда мекеме есепшілеріне екі немесе оданда көп негізсіз жалақы есептеліп және төленген.
Атап айтқанда, Департаментпен «Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне жоғары тәуекелді төлемдер бойынша хабарлама жолдау нәтижесінде 45 990,0 мың.теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталып, аудиторлық іс-шара тағайындалып, аудит барысында 28 838,4 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды.
Департаментпен аудит материалдары процесстік шешім қабылдау үшін, оның ішінде қылмыстық іс қозғау үшін Теректі ауданының прокуратурасына жолданды.