Хабарландыру!

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысының 17-тармағына сәйкес, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды акция өткізу тапсырылды.

Осы ретте, 2025 жылдың 30 мамыр күні сағат 17:00-де тұрғындарға ақысыз заңгерлік көмек көрсету мақсатында, Теректі ауданы Теректі ауылы аудандық мәдениет үйінде Сұңқар көшесі 22 мекен жай бойынша аумақтық құқық қорғау және басқа да уәкілетті орган өкілдерімен қабылдау өткізіледі.