ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

            2023 жылдың 13 тамыз күні Теректі ауданының Теректі ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Теректі ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:      

 

Теректі сайлау округі Теректі ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3502 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 1352 сайлаушы дауыс берген.

          Әр үміткерге берілген дауыс саны:

         М.Т.Кубашевқа – 198; А.Р.Рспаевқа – 846; Б.М.Саматоваға - 122 дауыс берілді.

«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 97; жарамсыз бюллетеньдер саны - 89. 

Рспаев Армат Рспаевич, 1978 жылы туған, запастағы полиция майоры, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Нарын көшесі 16 үй, 2 пәтерде тұрады, өзін-өзі ұсынды, Теректі ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

           

  Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 августа 2023