ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                              №61                           2023  жылғы 5 шілде

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2023 жылғы 13 тамызға тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    А.Бисенгалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 июля 2023