
Ауданымызда 01.01.2024ж. жағдай бойынша 2298 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда 9,6% - ға көбейді), оның ішінде 270 заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ және т. б.), жеке кәсіпкерлер – 1198, шаруа немесе фермер қожалықтары –830. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – 2140, оның ішінде заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ және т.б.) – 225, жеке кәсіпкерлер –1116, шаруа немесе фермер қожалықтары – 799.
Барлық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6044,0 млн.теңге құрады (81,6%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 20 млрд 047 млн.теңгені құрады (өткен жылдың деңгейінен 171,6%), оның ішінде ауыл шаруашылығы саласына 2 млрд 081 млн.теңге (99,6%).
2023 жылы жеке инвестициялық жобалар пайдалануға берілді:
- "Ринго Милк" ЖШС-нің 3,9 млрд.теңге сомасына сүт-тауарлық фермасы және 60-тан астам жаңа жұмыс орындар ашылды
- "Нұрберген" ЖШС 800 млн.теңге сомасына қонақ үй кешені. және 15 жаңа жұмыс орнын ашу.
- "West Agro Food" ЖШС 550 млн теңге сомасына картоп өндіру және өңдеу жобасының 1 кезеңі, 10 жұмыс орны ашылды.
- "Пойма Май комбинаты" ЖШС жұмыс істеп тұрған май зауытын кеңейту жобасы 1,3 млрд теңге соммасына, 10 жаңа жұмыс орны ашылды.
- Подстепное, Жаңа өмір, Магистральное және Теректі ауылдарында жалпы сомасы 85 млн.теңгеге 5 жаңа сауда нысаны (үй жанындағы дүкендер, дәріханалар), 10 жаңа жұмыс орны ашылды
- Жол бойындағы сервис 3 нысандары (Подстепное, Барбастау, Шаған ауылдары) 10 жаңа жұмыс орны ашылды.
2023 жылда «Ауыл Аманаты» несие бағдарламасы аясында 113 жоба жалпы соммасына 713 млн теңгеге несие алды, оның ішінде:
Аудан бойынша жоба нәтижесінде жылына сүт өндіру 1500 тоннаға, ет өндіру 40 тоннаға, жұмыртқа өндіру 300 мың данаға, салық төлемдері көбейеді және 128 жаңа жұмыс орны ашылды.