Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар!

«Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, 2025 жылғы 02 мамырда сағат 12:00-де (Астана уақыты) мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды www.gosreestr.kz (бұдан әрі – Портал).

Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына және "жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады немесе жер учаскесін жалға алу құқығы, оның ішінде электронды түрде".

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын- 2025 жылғы 02 мамырда сағат 12:00-де (Астана уақыты) аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген жергілікті уақытта басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жұмыс екі күн аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

Төлем алушы:"Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ; БСН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК); KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.

Төлемнің мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.

Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға мынадай сату объектілері қойылады:

 

Жер учаскесінің орналасқан жері- БҚО Теректі ауданы, Шалқар а/о, Сарыөмір ауылы

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1000 гектар;

Нысаналы мақсаты – екіпәтерлі тұрғын үй құрылысын салу үшін;

Сату объектісі (құқық түрі) - жер учаскесі;

Жер учаскесінің ауыртпалығы - жоқ;

Бастапқы баға сомасы (теңге) – 4950 теңге

Кепілдік жарна сомасы (теңге) -196 600 теңге.

 

Жер учаскесінің орналасқан жері- БҚО Теректі ауданы, Ұзынкөл а/о, Ұзынкөл ауылы

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1000 гектар;

Нысаналы мақсаты – екіпәтерлі тұрғын үй құрылысын салу үшін;

Сату объектісі (құқық түрі) - жер учаскесі;

Жер учаскесінің ауыртпалығы - жоқ;

Бастапқы баға сомасы (теңге) – 18 960 теңге

Кепілдік жарна сомасы (теңге) -196 600 теңге.

 

Жер учаскесінің орналасқан жері- БҚО Теректі ауданы, Аңқаты а/о, Аңқаты ауылы

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1000 гектар;

Нысаналы мақсаты – екіпәтерлі тұрғын үй құрылысын салу үшін;

Сату объектісі (құқық түрі) - жер учаскесі;

Жер учаскесінің ауыртпалығы - жоқ;

Бастапқы баға сомасы (теңге) – 6 636 теңге

Кепілдік жарна сомасы (теңге) -196 600 теңге.

 

Жер учаскесінің орналасқан жері- БҚО Теректі ауданы, Шаған а/о, Жана Өмір ауылы

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1000 гектар;

Нысаналы мақсаты – екіпәтерлі тұрғын үй құрылысын салу үшін;

Сату объектісі (құқық түрі) - жер учаскесі;

Жер учаскесінің ауыртпалығы - жоқ;

Бастапқы баға сомасы (теңге) – 37 920 теңге

Кепілдік жарна сомасы (теңге) -196 600 теңге.