Астана күні – бірлік пен берекенің мерекесі!

Астана күні – бірлік пен берекенің мерекесі!
Астана күніне орай Долин ауылдық округінде жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт өтті.
⚽️ Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Долин жастары»
🥈 ІІ орын – «Адал арна»
🥉 ІІІ орын – «Түркістан жол сервисі»
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Мереке барысында ауылдың қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қолдау көрсетіп жүрген азаматтар мен кәсіпкерлерге Долин ауылдық округінің әкімі Т.Манатауов Алғыс хаттар табыстады.
Биылғы турнирдің ерекшелігі – республикалық маңызы бар автожол құрылысында еңбек етіп жүрген Шымкент және Түркістан өңірлерінен келген жұмысшы жастардың да жарысқа қатысуы болды. Бұл спорт арқылы достық пен ұйымшылдықты нығайтудың жарқын көрінісіне айналды.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен «AltynShalgyn» және «Жер Ана» шаруа қожалықтарына ұйымдастырушылар атынан шынайы алғыс білдіреміз.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, ауыл өнерпаздарының әсем әндері мен көтеріңкі көңіл күйге толы әсерлі отшашумен қорытындыланды.
Астана күні құтты болсын! Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын! 🇰🇿