Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2026 жылғы 11 маусым сағат 10:00 де өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 аудан әкімдігінің ғимаратында.
Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
|
Жер учаскесінің Лот нөмірі |
Жеручаскесінің қысқаша сипаттамасы, оныңішінде: алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (бұдан әрі мәтін бойынша - балл.б) |
Ауданы,га |
Жалға алу мерзімі, жыл |
Жеручаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтық) |
Сумен қамтамасыз ету |
|
1 |
егістік, орташа балл б. - 20 |
433 |
10 |
Шағатай а/о, Шағатай а. дейін – 19 км |
жоқ |
|
2 |
егістік, орташа балл б. - 20 |
540 |
10 |
Шағатай а/о, Құтсиық а. дейін – 3,5 км |
жоқ |
|
3 |
егістік, орташа балл б. - 21 |
500 |
10 |
Шалқар а/о, Сарыөмір а.дейін– 4,5 км |
жоқ |
|
4 |
егістік, орташа балл б. – 31 жайылым, орташа балл б. - 28 |
292 (257 га егін, 35 га жайылым) |
10 |
Ақсуат а/о, Ақсуат а.дейін– 8,1 км |
жоқ |
|
5 |
егістік, орташа балл б. – 31 жайылым, орташа балл б. - 28 |
880 (861 га егін, 19 га жайылым) |
10 |
Ақсуат а/о, Ақсуат а.дейін– 4,9 км |
жоқ |
|
6 |
егістік, орташа балл б. - 31 |
120 |
10 |
Долин а/о, Долин а. дейін – 7,2 км |
жоқ |
|
7 |
жайылым, орташа балл б. - 26 |
135,5 |
10 |
Долин а/о, Қоныссай а. дейін – 4,8 км |
жоқ |
|
8 |
егістік, орташа балл б. - 31 |
177 |
10 |
Долин а/о, Қоныссай а. дейін – 8 км |
жоқ |
|
9 |
егістік, орташа балл б. - 31 |
200 |
10 |
Долин а/о, Төңкеріс а. дейін – 5,6 км |
жоқ |
|
10 |
шабындық, орташа балл б. - 23 |
200 |
10 |
Долин а/о, Шөптікөл а. дейін – 7 км |
жоқ |
|
11 |
егістік, орташа балл б. - 27 |
188 |
10 |
Покатиловка а/о, Покатиловка а. дейін – 4,8 км |
жоқ |
ЕСКЕРТПЕ
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң 2026 жылдың 21 мамыр мен 10 маусым аралығында, сағат 09:00-дан бастап сағат 18:00 аралығында Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 20 ғимарат мекенжайы бойына орналасқан Теректі ауданынынң жер қатынастары бөлімінде өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тарау 12 тармағына сәйкес аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тараудағы келесі тармақтарына сәйкес:
Қосымша, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тарау 23 тармағына сәйкес осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің өлшемшарттары бойынша беріледі.
Конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты (өтінім нысандары мен конкурсты өткізу ережесі) мына сайттан алуға болады: https://www.terekta-bko.gov.kz/немесе телефон арқылы +7 (71132)-23-349 "Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ.