Долин ауылында жаңа ветеринариялық учаскенің салтанатты ашылуы өтті.

Долин ауылында жаңа ветеринариялық учаскенің салтанатты ашылуы өтті.

 Долин ауылында жаңа ветеринариялық учаскенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – ауыл тұрғындары мен мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін маңызды оқиға.
Енді ауыл тұрғындарына ветеринариялық тексеру, вакцинация және ауыл шаруашылығы мен үй жануарларын емдеу сияқты қызметтер ауылдың өзінде қолжетімді болады.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, Батыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова , “SERPIN” жеке кәсіпкерлігінің басшысы, мердігер Арнур Шопанов және еңбек ардагері Серік Жармұханов қатысты. Ветеринариялық пункттің ашылуы – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мен мал шаруашылығын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам.