«ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ» ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ» ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және карантиндік шектеулерді сақтау мақсатында, Халыққа қызмет көрсету бөлімдері жаңа жұмыс форматына көшті. Яғни, электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді қызмет алушылар «онлайн» түрде алуы тиіс. Ал Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде электрондық форматта қол жетпейтін «қағаз» түрінде көрсетілетін қызметтерді және порталда алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алуға болады.

Осы орайда, азаматтардың электрондық қызметтерді алуларына қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігіндегі «Ашық әкімдік» алаңында және ауылдық округ әкімі аппараттарында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасауда. Бұл жерде кез келген азамат электрондық үкіметтің веб-порталы «egov.kz» арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады. Сонымен қатар, қызмет алуға келген азаматтарға қызметкерлермен практикалық көмектер көрсетіледі.