МОНИТОРИНГТІК ТОП ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

МОНИТОРИНГТІК ТОП ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

31 тамыз күні аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізді. Мониторинг топ мүшелері сауда орындарында санитайзер және тағы да басқа жеке гигиеналық заттардың болуын, сатушылар мен қызметкерлердің жұмыс орнында міндетті түрде бетперде және қорғаныс қолғаптарын пайдалануын тексерді. Сонымен қатар, мониторинг топ мүшелері дүкендерге келетін тұтынушылардың міндетті түрде бетперделері болуы қажеттігін және кезекте тұрғанда өзара арақашықты сақтау керектігін ескертті. Карантин режимі аяқталғанша мониторингтік топ өз жұмыстарын күнделікті жалғастыратын болады.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден қоғамдық орындарда, дүкендерде, мекемелерде және тағы басқа да адам көп жиналатын орындарда санитарлық талаптарды (бетперде кию, антисептиктерді қолдану және т. б) сақтап жүрулеріңзді сұраймыз! Сіздің денсаулығыңыз - өз қолыңызда!