Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Бірыңғай конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде аудан әкімінің өкіміне сәйкес Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Асхат Тулегенұлы Ибраев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімі Талғат Асқарұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Асхат Тулегенұлы 1993 жылы 5 ақпанда Тасқала ауданы, Ақтау ауылдық округі, Ақкүтір ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2014 жыл – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы, 2023 жылы - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы "Қайсар НС" ЖШС құрылыс мекемесінде ағаш ұстасы болып бастаған.
Әр жылдары "АлматыИнжеСтрой" филиалы "Орал АИС" ЖШС мекемесінің жол қызметкері, "Батыс МұнайГаз Жабдықтары" ЖШС-нің жөңдеушісі, "ПроектСтройИнжиниринг" ЖШС-нің инженер-жобалаушысы және бас инженер жобалаушысы, Тасқала ауданы әкімінің аппаратында компьютерлік техника операторы, Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың 29 сәуірінен бастап Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.