
2023 жылдың 26 желтоқсанында аудандық мәдени-демалыс орталығында балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Шараға аудан әкімі Т.Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Касимова, балғындар мен ата-аналар қатысты.
Шара басында сөз алған аудан басшысы бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап, ақжарма тілегін білдерді.
Салтанатты шара Аяз ата мен ақшақарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алған бүлдіршіндердің ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салумен ұласты.
Шаттыққа толы шарада балаларға мерекелік сыйлықтар тарту етілсе, жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті. Шараға қатысқан балауса балғындар шат-шадыман көңіл-күйге бөленді