Құрметті төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ардагерлері, өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныстың әскери қызметкерлері!

Құрметті төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ардагерлері, өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныстың әскери қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасының «Құтқарушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Бұл жоғары және жауапты миссия. Тосыннан болған апат кезінде азамттарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, батырлық, білім мен білік және тәжірибе керек.
Елімізде жыл сайын 19 қазанда құтқарушылар күні атап өтілуде. Атаулы күннің бекітілуі Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылған күнімен байланысты. Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 28 жыл толып отыр.
Аталмыш мерекеде барша құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеп, гүлденуі жолында жаңа табыстарға жете берейік.
Мереке құтты болсын!

Құрметпен, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Халауедин