Жүргізуші куәлігі - автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат.

Жүргізуші куәлігі - автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат.

Жүргізуші куәлігі - автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат. Бірақ куәлік мерзімі аяқталса, сіз тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек?

💡eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз. Ол үшін:
• eGov.kz порталында «Азаматтарға; Көлік және коммуникациялар; Автомобиль көлігі; Жүргізуші куәліктерін беру қызметін таңдаңыз»;
• өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз. Тегін ауыстырған кезде – неке қию туралы куәлігін, ал құжатты ұрлаған немесе жоғалтқан болсаңыз - АІІБ-не анықтаманы тіркеңіз;
• бажды төлеңіз және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз.

📲 Сонымен қатар, сіз аталған қызметті eGov mobile қосымшасынан ала аласыз:
• «Қызметтер каталогы; Көлік жүргізу және көлік; Жүргізуші куәліктерін беру» қосымша бетін таңдаңыз;
• бұдан әрі жоғарыда аталған нұсқауларды орындау қажет.

⏰Қызмет көрсету мерзімі - бір сағаттан аспайды.

📤Көрсетілетін қызметтің нәтижесі мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылуы қажет электрондық сұрау салу болып табылады. Бұл ретте өзіңізде: жеке басты куәландыратын құжат, оны тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігі, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен болса, 083-у нысанындағы медициналық анықтама болуы қажет.

Сәттілік🙌🏻

#nitec #egov #egovkz #жүргізушікуәлігі #куәлік