Жеке кәсіпкерлердің назарына

Жеке кәсіпкерлердің назарына

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2020» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелеріне» сәйкес конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурстың лауреаттары атақтарын тағайындауы келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

- Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;

- Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;

- Үздік ұжымдық шарт;

- Экологияға қосқан үлесі үшін.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 01 маусымға дейін.

Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5 үй, 1 бөлме, www.taskala-bko.gov.kz, телефон 8(71139)22297.