КЕҢЖАЙЛАУҒА КӨГІЛДІР ОТЫН ҚОСЫЛДЫ

КЕҢЖАЙЛАУҒА КӨГІЛДІР ОТЫН ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойып отырған тапсырмаларының бірі, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту.. 2022 жылы ауданымызда жаңадан тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік нысандар ғимараттары мен автомобиль жолдары күрделі жөңдеуден өтті. 

 Осы орайда, биылғы 2023 жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі және демеушілердің қолдауы арқасында Кеңжайлау ауылына газ тарту жұмыстары жүргізілді. Газ тарту жұмыстарын мердігер IT «Project Group» ЖШС-і атқарды. 

Кеңжайлау ауылында көгілдір отын алауын жағуға арналған салтанатты шарасына қатысқан аудан басшысы Б.Айтмағамбетов ауыл тұрғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Жұмыстарды жүргізуге атсалысқан IT «Project Group» ЖШС-нің басшысы Ерлан Есенұлы мен кооператив төрағасы Даурен Қабдығалиұлына өз алғыс хаттарын табыстады.

Шара барысында сөз алған мердігер компанияның басшысы Ерлан Есенұлы тұрғындарды құттықтап, жұмыстарды жүргізуге қол ұшын созған ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Халықтың игілігіне пайдалануға берілгелі тұрған көгілдір отын алауын жағу рәсімі аудан әкімі аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлына және ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Калмурзин Ғилымғали ағамызға берілді. Шара мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының ән-шашуымен жалғасып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кететін болсақ, ауылда жалпы көлемі 13 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 14 тұрғын үйге және 1 мал қыстағына көгілдір отын тартылды. Мердігер компания демеушілігімен 1 тұрғын үйге газ тартылды