Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері жән олардың ата-аналарымен кездесіп, жылы лебізін білдірді. Ауданымыз бойынша 150 түлек орта мектепті аяқтаса, оның 12-сі «Алтын белгі», 6-уы «Үздік аттестат» иегерлері. «Ел болашағы - жастар» - демекші, ауданымыздағы білімді жастардың қатары көбейгені өте қуантарлық жәйт. Бұл ретте, білім нәрімен сусындатқан мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың сіңірген еңбегі зор екені сөзсіз.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Үлкен өмірге басып жатқан қадамдарыңызға сәттілік тілей отырып, болашақта еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосатын білікті маман иелері болуларыңызға тілектеспіз. Сәт сапар!