Қазақстанның автоХҚО-лары жұмысын қайта бастайды

Қазақстанның автоХҚО-лары жұмысын қайта бастайды
12 қаңтардан бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды.
Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚО-лары әлі ашылмайды. Аталған өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.