Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар жұмысы қалпына келтірілді

Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар жұмысы қалпына келтірілді
Бүгіннен бастап Алматы облысының ХҚО-лары қайта қызмет көрсете бастады.
Жұмыс кестесі 9:00-ден 17:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылатынын еске саламыз. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.