«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының жеңімпазымен кездесу

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының жеңімпазымен кездесу
2021 жылдың 10 қараша күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының жеңімпазы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Жамбыл Алғадай Жамбылұлы ауылдық округ әкімдерімен кездесті.
Кездесу барысында жаңадан тағайындалған ауыл әкімдеріне өзінің жұмысында жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізудің тетіктерімен бөлісуі мақсатында дәріс оқыды. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысты.