Волейболдан турнир ұйымдастырылды

Волейболдан турнир ұйымдастырылды

Аудан орталығында ағымдағы жылдың 19 қазан күні «19 қазан – Қазақстан Республикасының құтқарушылар күніне» орай  салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлері арасында аудандық волейболдан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа ауданның мемлекеттік қызметшілері, шекара қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Турнир қорытындысы бойынша шекара қызметкерлері  1-орынға,  ауылдық округ әкімдері 2-орынға,  аудан әкімі аппаратының командасы 3-орынға  ие болды. 

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсуі мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Сол себепті, салауатты өмір салтын ұстануға уақыт бөлуіміз қажет.