"Түнгі қаладағы балалар" рейдтік іс-шаралары өтуде

"Түнгі қаладағы балалар" рейдтік іс-шаралары өтуде

Аудан мектептері оқушыларының арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша жасақталған жұмыс жоспарына сәйкес , Тасқала ауданының полиция бөлімінің аға лейтенанты Э.Б. Тапалов пен мектептің жауапты қызметкерлері Тасқала ауданының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" рейдтік іс-шараларын өткізуде. Шараның мақсаты: кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрмеуін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде  болуын анықтау.