Екінші Шежін ауылы Қазақстан Республикасының «Үздік 30 ауыл» қатарында

Екінші Шежін ауылы Қазақстан Республикасының «Үздік 30 ауыл» қатарында

2021 жылдың 16 қазанында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Мұратхан Шоқан құрастырған «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомының тұсаукесері өтті.  Ауданымыздың Екінші Шежін ауылы Қазақстан Республикасының «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомына енді.  

«Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы идеясының авторы, жаз бойы еліміздің барлық облысын аралап, материал жинап, оны жинақ қылып жарыққа шығарған ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Тұлға- достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан бұл альбом ел Тәуелсіздігінің 30  жылдық мерейтойына тарту екенін айтады.