🌟QRT-ке АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ПРОМОКОДТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ❓

🌟QRT-ке АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ПРОМОКОДТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ❓

Егер Сізде QRT сертификаты болмаса, www.pkrezerv.gov.kz веб-сайтына тіркелген әрбір үміткерге QRT ПРОМОКОДЫ берілетіндігін естеріңізге саламыз👍, ол мемлекеттік тілді білуге арналған тесттен ТЕГІН өтуге мүмкіндік береді🤗

Енді промокодты бірнеше рет алуға болады 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

‼️БІРАҚ, ол егер промокодпен алынған сертификат A1 немесе A2 деңгейінде болса ғана беріледі.

❌Қосымша промокод мынадай екі жағдайда берілмейді:
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️

1️⃣үміткер QRT Пайдаланушы келісімін бұзған жағдайда (https://qrt.kz/kk/terms)

2️⃣үміткер талап етілетін В1 және одан жоғары деңгейдегі (В2, С1, С2) сертификатты алған жағдайда

Қосымша промокодты алу үшін үміткер келесі қадамдарды жасауы керек:
👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻
1️⃣-ҚАДАМ. Үміткер тіркелу кезінде көрсетілген электрондық адрестен pkrezerv.gov@gmail.com адресіне жаңа промокод беру туралы өтінішпен хат жазуы керек.

Хаттың мәтінінде үміткер өзінің ЖСН-ін, аты-жөнін, тесттен өткен күнін көрсетіп, алынған QRT сертификатын қоса беруі қажет.

2️⃣ҚАДАМ. Үшінші (және одан әрі) промокодты алу үшін тестілеудің соңғы нәтижесін (сертификатты) қоса беру керек.

❌Бір сертификатты жіберіп, екі және одан да көп промокодты алуға жол берілмейді.

3️⃣ҚАДАМ. Барлық деректерді тексергеннен кейін үміткерге жаңа QRT промокоды жіберіледі. Жаңа промокод үміткер өтінішхат жолдаған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

Баршаңызға сәттілік тілейміз😊