Ел чемпионы атанды

Ел чемпионы атанды

2021 жылғы 14-17 қыркүйек күндері аралығында Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай самбо күресінен 2005-2006 жылдары туылған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Елнар Жанболатұлы қатысып, 88+ салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағына жол жеткізді! Елнар бауырымызды құттықтап, алдағы үлкен додаларда жарқын жеңістеріне жетуін, спортпен шұғылдану жолында толағай табыстар тілейміз!

Жанболатұлы Елнар - 2005 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады. Қазіргі таңда Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ-нің 11-сыныбында оқиды. 3 сыныптан бастап спортпен шұғылдана бастады. Жаттықтырушысы – Мұсағалиев Еркебұлан Сапарғалиұлы.