Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс кестесі өзгерді

Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс кестесі өзгерді
2021 жылғы 06 қыркүйектен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қаласы бойынша № 1 және № 2 халыққа қызмет көрсету бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері - демалыс.
Орал қаласы бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бөлімі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте ескеретін жайт – құжаттарды қабылдаудың регламентіне сәйкес мемлекеттік қызметке құжаттарды қабылдау уақыты - сағат 09:00-ден 17:20-ға дейін. Ал дайын құжаттарды беру 09:00-ден 19:00-ге дейін. Сенбі-жексенбі - демалыс.
Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі – демалыс.
Қызмет алушыларды қабылдау Ashyq арқылы жүргізіледі. Кезекті алдын-ала брондау мүмкіндігі сақталады. Бұл жағдайдағы артықшылық – клиент операторға өзі таңдаған уақытта жүгіне алады. Кезекті алдын ала брондау www.egov.kz, Телеграмм-бот - еgovKZBot2.0, EgovMobile қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі