Ойланатын тақырып: «Күзет аймағында жазатайым оқиғалардың орын алу себептері мен салдары»

Ойланатын тақырып:	  «Күзет аймағында жазатайым оқиғалардың орын алу себептері мен салдары»

Күнделікті өмірімізде әртүрлі және көңілімізге қонымсыз жазатайым оқиғалар болып жатады, алайда осы болып жатқан жазатайым оқиғалардың себептеріне ден қойып, мән бере бермейміз. Осыған орай еліміздің азаматтарына осындай жазатайым оқиғалардың бірқатар себептерін және ненің салдарынан жүз беретінін түсіндіріп өтуді қажет және жөн көріп, азаматтарымыздың назарларын мына төмендегі жағдайларға аударамыз. Ең әуелі азаматтарымыз мына төменде көрсетілген түсініктемелерді түсінулері маңызды;

      - «Электр желілерін күзеті аймағы» дегеніміз не – бұл электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың болдырмаудың, осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында заңдармен және заң астындағы ережелермен күзет аймағына арнайы жатқызылған мақсатты түрде бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістіктері ж т. б.

   - «Желілер тармағы» дегенімз не - бұл электр құрылғыларымен жабдықталған және электр желілерін бір бірімен байланыстыратын ажыратып, бөліп беруші және жеткізуші ( тасымалдаушы ) станциялардың жалпы жиынтығы.

        Осы жоғарыда аталған тақырып пен түсініктемелерге сәйкес азаматтарымыз міндетті түрде білуге тиіс;

-«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-і  (бұдан әрі – Аумақтық Департамент) , Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген «Электр желілерін күзету  аймақтарын құру ережелері және осындай аймақтардың шекарасында жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары» (бұдан әрі - электр желілерінің қорғау аймағының ережелері) талаптарын орындаудың маңыздылығына қатысты барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына және азаматтарға ескертеді.

Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:

      1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);

      2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

      3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;

      4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;

      5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;

      6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;

-Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында;  құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге мүлдем жол берілмейді.

- Электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарындағы пішенді жырту, жинау, шығару, жайылма суару сияқты алаңдық ауыл шаруашылығы жұмыстары иелігінде осы желілер орналасқан ұйымды алдын ала осы жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлау арқылы жер пайдаланушылар жүргізеді.

-Күзет аймағында; рұқсат етілмеген жұмыстарды жүргізу электр энергетикалық объектілердің қауіпсіз жұмысын бұзуға, тұтынушылардың электр энергиясымен қамтамасыз етілуіне кедергі келтіреді, бұл олардың бүлінуіне немесе жойылуына және (немесе) адам өміріне, денсаулығына және жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ қоршаған ортаға экологиялық зардап және өрттің шығуына әкеп соғады.

-Электр желілерінің қауіпсіздік аймағының ережелерін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 305-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Тақырыпта жазылғандардың түйін сөзі: күзет аймағында қандай да бір жұмыстарды құзыретті мемлекеттік органдардың арнайы рұқсатынсыз орындауға мүлдем болмайтынын түсіну соншалықты қиын емес, десекте осы тақырыпта жазылып отырған мәселелер мен ескертулерді назарларында ұстап, әрдайым сақтанып жүруді кейбір азаматтарымыз күнделікті өмірімізде біле бермейді, ал жазатайым оқиға алдын ала айту, хабарлау немесе ескерту арқылы жүз берілмейді, керісінше жазатайым оқиға кездейсоқ немесе аяқ астынан жүз беріліп, арты қайғылы жағдайларға жалғасатыны хақ.  

       Құрметті тұрғындар, күнделікті өмірімізде осы тақырыпта жазылған мәселелер мен ескертулерді үнемі назарымызда ұстап, сақтық шараларын ұдайы ұстанайық, сонда ғана күнделікті өмірімізде жазатайым оқиғаларды болдырмауға өз үлесімізді қосып жатырмын, Мемлекет алдындағы азаматтық парызымды  орындап жатырмын деп мақтаныш сезіммен айта алатынымызды тағы да бір рет терең назарларыңызға жеткіземін.

        Электр желілерінің күзет аймағын  бұзуға куә  болған жағдайда, аумақтық департаментке мына мекен-жай бойынша: Орал қаласы, Досмухамедова көшесі, 45 үй, 1 қабат, 102 бөлме немесе 8(7112) 50-31-15, 8(7112) 50-08-95 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ- нің басшысы С. Ешев.