атыс Қазақстан облысының ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына өтеді.

атыс Қазақстан облысының ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына өтеді.

блыстың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 24 шілдедегі қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы қаулысына сәйкес қалалық және аудандық ХҚО бөлімдері мен Орал қ. Мамандандырылған бөлім 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді.

Жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері аталған ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды.

Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді.

ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @egovkzbot2.0 телеграм-бот арқылы брондауға болады.

Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.