Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет

Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк залалсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңына сәйкес, «карантинге жатқызылған өнiмдерге карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктерөсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар болып табылады».

Аталмыш өнімдерді Қазақстан республикасы аумағында облысаралық тасымалдауға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы беретiн карантиндiк сертификат және де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитариялық сертификат қажет.

карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;

фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру және Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары көрсетеді.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны электрондық және қағаз түрінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары аумақтық инспекциялардың стендінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) карантиндік сертификат - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) фитосанитариялық сертификат беру - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Жұмыс кестесі:

 - Дүйсенбі-жұмаға аралығында сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін).

- Демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай атқарады.

- Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9:00-дан 17:30-ге дейін жүзеге асырылады (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет алу үшін арнайы орталыққа жүгінген кезде, қандай құжаттар қажет болады?

1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары (фитосанитариялық сертификат алу кезінде ғана).

Аталмыш мемлекеттік қызметтер толығымен тегін көрсетіледі.

Өсімдіктер карантині және қорғау бойынша туындаған сұрақтарға толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады:

БҚО,Тасқала ауданы,Тасқала ауылы,М.Маметова  көшесі 31А