«Жас ұлан» мектебіне кімдер түсе алады?

«Жас ұлан» мектебіне кімдер түсе алады?

«Жас ұлан» мектебіне  үшін ұлдар оқуға түскен жылына кемінде он бес жаста болуы қажет, 2021 жылы 11 жылдық оқу бағдарламасыбойынша 9 сыныпты немесе орта білім беру ұйымының 12 жылдық оқу бағдарламасы бойынша 10 сыныпты бітіруі және негізгі білім туралы куәлік алуы тиіс.

Мектепке қабылдау 6-20 тамыз аралығында оқуға түсудің 5 кезең бойынша жүзеге асырылады.

Үміткерлерге дене шынықтыру дайындығы, писхологиялық іріктеу талаптары бойынша сәйкес келуі қажет, сондай-ақ олар денсаулық жағдайы бойынша  жарамды болуы тиіс.

I кезең - кәсібі –психологиялық іріктеу;

II кезең негізгі орта білім беру бағдарламасыбойынша математика және оқыту тілі бойынша тестілеу;

III кезең- әскери дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру;

IV кезең – дене даярлығын нормативтер бойынша тексеру;

V кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

Оқуға түсушілерді қабылдаудың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.

Алдынғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ әскери оқу орындарының құрамына 4 Республикалық «Жас ұлан»мектебі кіреді. Олар Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында орналасқан.

             Қосымша ақпарат алу үшін осы мекен-жайға хабарласыңыз: Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, Переметный ауылы, Жеңіс көшесі 81 тел. 8711-22-583,22-669.