Тасқала аудандық мәслихаты депутаттарының жетінші шақырылымына кезекті сайлаудың қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

Тасқала аудандық мәслихаты депутаттарының жетінші шақырылымына  кезекті сайлаудың қорытындысы туралы  ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Тасқала аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 11417 азамат енгізіліп, оның 10846-сы немесе 95 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 10670 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 84 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 717 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

"Nur Otan" партиясы-7567 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,72 пайызы;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1872 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,99 пайызы;

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы-844 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,11 пайызы;

"ADAL" саяси партиясы-123 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,18 пайызы;

1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:

"Nur Otan" партиясы - 72,72

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 17,99

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 8,11

"ADAL" саяси партиясы-1,18

2. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:

Nur Otan " Партиясы - 8

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 1

 

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы