«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен 185 азамат жұмыспен қамтылды

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен 185 азамат жұмыспен қамтылды

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы халықты жұмыспен қамту, қосымша жұмыс орындарын құру, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған бағдарлама.

Биылғы жылы Тасқала ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 15 жоба жүзеге асырылды. Апатты жағдайдағы мектептер мен медициналық, әлеуметтік нысандарды жөндеуге, ауылдарды аббаттандыруға  766 млн 824 мың теңге қаражат бөлінді. Бағдарламаны іске асыру арқылы құрылыс жұмыстарына 185 азамат жұмысқа тартылған болатын. Соның ішінде 108 тасқалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жолданды.

Ақтау және Атамекен орта мектептерін күрделі жөндеуге жалпы сомасы 364 млн 341 мың теңгеге «Аяла» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Бүгінгі күні жұмыстар толығымен аяқталып, нысандар қолданысқа беру сатысында.

Достық, Мерей, Ақтау және Мереке ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуге жалпы 147 млн 674 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Медициналық ұйымдардың жөндеуден өтуі, бүгінгі таңда елде қалыптасқан жағдайды алдын алу және медициналық қызмет сапасының артуына септігін тигізері анық. Бұдан басқа, аудандық арнайы қызметтер көрсету орталығының ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 3 млн 382 мың теңге қаражатқа мекеменің еден жамылғысы және терезелері ауыстырылды.

Амангелді ауылында мәдениет үйі толығымен күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі күні нысан пайдалануға берілді. Жұмыстарды «ЭнергоРемСервис» ЖШС жүргізді. Жоба сомасы 84 млн 387 мың теңге.

Ауылдарды аббатандыру мақсатында Тасқала ауылының Абай, Мәметова, Шамов, Скоробогатова, Сапаров және Жақсығұлов көшелірінің жарықтандыру жүйелері 94 млн 851 мың теңге қаражатқа жаңғыртылды.