«ИНАБАТТЫ КЕЛІН» республикалық байқауы қазақ халқының салт-дәстүрін, отбасы құндылықтарын, келін әдебін насихаттау мақсатында өткізіледі.
Байқау республикалық деңгейде ұйымдастырылады. «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ИНАБАТТЫ КЕЛІН» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
• Қазақ келінінің инабаттылығы мен тәрбиесін дәріптеу;
• Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жаңғырту;
• Жас отбасылар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту.
Міндеттері:
• Келіннің отбасыдағы рөлін таныту;
• Қолөнер, аспаздық, сөз мәдениетін дамыту;
• Үлгілі келін образын қалыптастыру.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет. Сонымен қатар, қатысушы төмендегі тақырып бойынша 3 - 4 минуттық бейнеролик ұсынуы тиіс: «Бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің маңызы».
Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың ақпан айының 16-на дейін қабылданады.
Байқау қатысушыларына:
• Арнайы тағайындалған «ИНАБАТТЫ КЕЛІН» атты төсбелгісі;
• Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
• «ИНАБАТТЫ КЕЛІН» статуэткасы;
• ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ жолданады.
Байқаудың марапаттау рәсімі: Астана қаласында, наурыз айында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан орден және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ
ҚАЖЕТ
|
Қатысушының тегі, аты-жөні |
|
|
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы |
|
|
Қызмет орны, лауазымы |
|
|
Байқау атауы |
«ИНАБАТТЫ КЕЛІН» |
|
Телефон, ұялы, е-mail.ru |
|
|
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото |
|