Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қазандағы №31-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы»

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қазандағы №31-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы»

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38, 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. БҚО аумағында келесі шектеу шаралары енгізілсін:

1.1. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

1.2.   Барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулалардағыны қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекер кеңселерінің, кейтерингтік және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне тыйым салу;

1.3.   Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50% «қашықтықтан» жұмыс түріне (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда) (бірінші кезекте 50 және одан да жоғары жастағы қызметкерлерді) көшіру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;

- ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін);

- медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- балалар түзету кабинеттері, балаларға арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) - жазылу бойынша, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын үй-жайлардағы кереуеттер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып;

- медициналық орталықтар (жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін), сауда сөрелері арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс. Жабық базарлар үшін қосымша шектеулер: толымдылығы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес (1 келушіге 4 ш.м. кем емес).

- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс);

- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес, 1 келушіге 4 ш.м. кем емес), сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін.

- қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 30 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс);

- халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т. б.), толымдылығын 50%-дан асырмай;

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтар (салондар) (нысанның толымдылығы 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде), алдын ала жазылу бойынша, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- моншалар, сауналар (толымдылығын нысанның сыйымдылығының 50% асырмай, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін;

- фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және жаттығу залдары (толымдылығын нысанның сыйымдылығының 50% асырмай, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде) алдын ала жазылу бойынша, жұмыс күндері: сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін;

- бассейндер - алдын ала жазылу бойынша, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін;

- халыққа қызмет көрсету нысандары: автожуу, ТҚКС, автомобильдерді жөндеу - сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін; тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- банктік қызметтер, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокаттың және нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер қызметтері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

- діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізге тыйым салумен;

- мәдениет нысандары (толтырылуын 50% асырмай, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде. 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты және бетперделік режимді сақтай отырып, үзілістер кезінде үй-жайларды желдетіп, ұжымдық дайындықтарды 30 адамнан асырмай жүргізу) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- ашық ауадағы кинотеатрлар (бетперде режимін және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар, резерваттар және басқалар (жеке және ұйымдасқан 15 адамнан аспайтын топтар үшін, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып);

- «ашық ауада» ауылшаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін тек демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып;

1.4.   Демалыс және мереке күндері:

- сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар) жұмысын тоқтата тұру, онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;

- жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру.

1.5.   Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін белгілеу:

Қоғамдық автокөлік шектеулі режим шеңберінде жұмыс күндері: сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі): сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін, біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен жұмыс істейді.

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) кіруге рұқсат етіледі.

Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

- «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

- персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

- үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

- келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

- үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

- үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

- келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. БҚО полиция департаментіне:

 - шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдарды тез арада аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына жолдау;

- аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларымен бірлесіп, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру;

  1. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Батыс Қазақстан облысының аумағындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы халықты жаппай хабардар етуді жүргізу.

  2. БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келесі қаулыларының күші жойылды деп есептелсін:

- «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 16 тамыздағы № 27-ПГВр;

- «Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы №27-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 тамыздағы №28-ПГВр;

- «Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы №27-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №29-ПГВр.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.

  2. Осы қаулы 2020 жылғы 17 қазаннан бастап заңды күшіне енеді.

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                           М.Арыспаев