ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

 «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында белгіленген меритократия қағидаттарына сүйене отырып, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының шешімі негізінде, аудан әкімінің өкіміне сәйкес Тасқала ауданы әкімінің орынбасары (әлеуметтік сала бойынша) лауазымына Шакиров Талғат Асқарұлы тағайындалды. Жаңа аудан әкімінің орынбасарын әріптестеріне аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауединұлы таныстырды. Талғат Асқарұлы Шакиров 1973 жылы 26 тамызда БҚО, Тасқала ауданы, II-Шежін ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1998 жылы – Қазақтың дене тәрбиелеу институтын «Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы» және 2019 жылы – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Шежін орта мектебінде мұғалім болып бастап, Амангелді орта мектебі мен жалпы орта білім беретін Ы.Алтынсарин атындағы мектептің директоры, Шежін ауылдық округінің әкімі, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. 2020 жылдың 15 қазанынан бастап Тасқала ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Талғат Асқарұлының алдағы қызметіне табыс тілейміз.