Тасқала ауданының орталығында Орал-Саратов РФ тас жолының бойында
Мемлекеттік рәміздерді ардақтау мақсатында Елорда күніне орай Мемлекеттік Ту
тұғыры орнатылды. Ту тұғыры 2020 жылы орнатылды. Биіктігі 16 метр. Тұғырға
орнатылған Мемлекеттік Тудың көлемі 6*3 м. Жанында Бүркіттің мүсіні орнатылған.
Ту тұғырының жан жағы абаттандырылған. Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында
немесе басқа да атаулы даталарда аталған Ту тұғырының жанында көптеген іс
шаралар өтіп тұрады.