Мектептер мен балабақшаларға мониторинг жүргізілді

Мектептер мен балабақшаларға мониторинг жүргізілді

Елде қалыптасқан жағдайға байланысты аудандық штабтың хаттамалық шешімімен мектептер мен балабақшаларда санитарлық-эпидимиологиялық талаптардың орындалуын бақылау мақсатында бөлек мониторингтік топ құрылды.

Ағымдағы жылдың 7 және 8 қазан күндері топ аудан орталығының барлық білім беру мекемлерін және Мереке, Екінші Шежін, Амангелді және Бірінші Шежін ауылдарындағы мектептерге мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталған. Барлық оқу орындары оқушыларды сабақ алдында термометрия жүргізуде. Санитайзерлер оқушыларға қолжетімді жерлерде орналасқан және оқушалар мен мектеп ұжымы бетперделерді пайдалануда. Барлық білім ұйымдарында жыл соңына дейін қажетті жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры бар.