Меню
Страницы
Контакты
Аппарат акима
Деятельность
Документы
Пресс-центр
gov@nitec.kz

Басқару органдары оң жақта орналасқан автомобилдердің қайта жабдықтау

Басқару органдары оң жақта орналасқан автомобилдердің қайта жабдықтау

Басқару органдары оң жақта орналасқан автомобилдердің қайта жабдықтау

Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық комиссия отырысының 26 маусымдағы № 8 хаттамасына сәйкес ҚР СТ 1418-2018 «Автомотокөлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер және техникалық талаптар» (бұдан әрі - ҚР СТ 1418-2018) ұлттық стандартына түзетулер енгізу мақұлданды.

Түзетулер басқару органдарының оң жақтағы орналасуын сол жақтағы орынға қайта жабдықтау бөлігінде ҚР СТ 1418-2018 8.15-тармаққа, сондай-ақ сынақ әдістеріне Нормативтік сілтемелер, жүргізуші орындығын реттеуге, ішкі жабдықтың жарақат қауіпсіздігіне, тікелей емес шолу құрылғыларымен, дыбыс сигналдық аспаптармен жарақтандыруға, желдетуге, жылытуға және кондиционерлеуге, әйнек тазалаушыларға, борттық диагностика жүйесімен диагностикаланатын қателердің болмауына және т. б. талаптардың өзектілігі жүргізілді.

Сонымен қатар, стандарттың 8.15-бөліміне сәйкес қайта жабдықтаудың жоғарыда көрсетілген түріне сұраныстың болмауына байланысты оң рульмен көлік құралдарын айналымға шығаруға тыйым салғаннан кейін 2008 жылдан бастап іс жүзінде қайта өңделмеген.

Сол себепті қайта жабдықтауға дайындаушымен басқару органдары сол жақта орналасқан автомобильдердің Еуропалық нұсқасын орнатуға бейімделген басқар органдары оң жақта орналасқан авомобилдерге рұқсат етілді. Және де базалық автомобильде басқар органдары сол жақта орналасқан өнеркәсіптік конструктивті аналогы бар болуы тиіс.

Автомобильді сол жақты басқару органдарына қайта жабдықтау кезінде автомобильді басқарудың оң жақты органдары мен келесідей бұйымдары бөлшектеуге жатады:

- автомобильдің негізгі тежеу жүйесімен басқару органдары (педаль, ваккумды күшейткіш, басты тежегіш цилиндрі);

- автомобильдің рульдік басқару (рульдік механизмі және рульдік жетегі бар рульдік бағанасы);

- ілінісу педалінің жетегі, акселератор педалінің жетегі, авомобиль басқару тақтасы, фарасы және алыс жақын жары, аспаптар панелінің астында орналасқан кондиционер (оң болған жағдайда) мен жылытқыштың торап-тары мен бөлшектері, зат салатын жәшіктері.

Оң жақтан басқарылатын қайта жабдықталған автомобильдерде жақын және алыс жарық шамдарын орнату бұрыштарынан басқа, дайындаушымен қайта жабдықталуға жататын, оң жақтан басқарылатын автомобильдер үшін белгіленген параметрлері мен сипаттамалары бар болуы тиіс, сондай–ақ басқару органдары сол жақта орналасқан өнеркәсіптік құрылмалық аналогтарға арналған бір типтік фараларға ауыстырылуы тиіс.

Қайта жабдықталған автомобильдің руль басқаруының негізгі параметрлері дайындаушының басқару органдары сол жақта орналасқан бір аттас үлгісінің автомобильдеріне арналған техникалық, пайдаланушылық немесе жөндеу құжаттамасында келтірілген параметрлерге сәйкес келуі тиіс.

Автомобильге демонтаж жасалғанның орнына орнатылатын басқару органдары сол жақта орналастырылған автомобильдің осы үлгісі үшін дайындаушымен қарастырылған тізбемен қарастырылған бұйымдардың жиынтығы сәйкестік сертификаты бар болуы тиіс. Осымен бірге тежеуіш жүйесі, меңгерікпен басқаруы және сыртқы жарық аспаптары элементтерінің құрылмасына олардың сол жақты басқару үшін бейімдеу мақсатында өзгерістерді енгізуге рұқсат етілмейді.

Монтаж бен техникалық пайдаланушылыққа қойылған талаптарды сақтау кезінде автомобильдің басқару органдары бұйымдарының белгіленген жиынтығының сенімділігі дайындаушымен белгіленген нормативтік құжаттамасынан төмен болмауы қажет.

Дата публикации
23 сентября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Открылся клуб матерей «Шаңырақ»
Открылся клуб матерей «Шаңырақ»
Культура и спорт
СВЕДЕНИЯ о расположении ящиков для сбора предложений и замечаний к отчетам акимов всех уровней перед населением Таскалинского района
Социальные медиа
Instagram
Facebook
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК