Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
29 июля 2026
Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан басталады
 

Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс атты

республикалық ақпараттық науқан басталады

  

Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жаңылыстырады, бас бостандығынан айырады және заңсыз әрекеттерге қатысуға мәжбүрлейді.

Қанаудың бұл түрі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең тез таралатын қауіптерінің біріне айналуда. Адам саудасының құрбандары әр түрлі жастағы, кәсіптегі және білім деңгейіндегі адамдар болуда.

Қазіргі заманғы адам саудасы тек жыныстық қанау немесе мәжбүрлі жұмыс емес. Барған сайын адамдарды алаяқтық, киберқылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі саудасы, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысуға мәжбүрлейді.

Сондықтан алдын-алу қылмыстың осы түріне қарсы тұрудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

Адам саудасына қарсы іс – қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24-30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан өткізеді.   

Науқанның басты мақсаты – қоғамның назарын ұйымдасқан қылмыстың осы қауіпті түріне аудару, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, адамдарды тартудың заманауи тәсілдері және зардап шеккендерді мемлекеттік қорғау шаралары туралы айту.

​Науқанға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Апта ішінде бүкіл ел бойынша халықпен кездесулер, құқықтық консультациялар, профилактикалық материалдарды тарату және адам саудасының алдын алуға бағытталған басқа да науқандар өтеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жұмысқа орналасу туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады, әсіресе ол ақпарат шетелде жұмыс істеу туралы болса, құжаттарды бейтаныс адамдарға бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және адам саудасының ықтимал жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. 

Әрбір адам қырағылық таныту, сенімді ақпарат тарату және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдау арқылы бұл қылмыстың алдын алуға үлес қоса алады.

Адам саудасы қазіргі заманның маңызды сын-қатері болып қала береді, алайда мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерімен адамның қадір-қасиетін, бостандығын және әрбір адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғауға болады.

Жыл сайын 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтілетінін айта кету керек.

Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді.

 

Адам саудасы – ауыр қылмыс. Бей-жай қарамаңыз.

 

 

23 июля 2026
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.

Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.

Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.

«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

20 июля 2026
Эцқ-ны сатуға болмайды! Қазақстандықтарға 25 000 теңгеге эцқ-ны сатуға ұсынды

02 июля 2026
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Пайдалы ақпарат
29 июня 2026
1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады.

Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан Орал қаласының №1 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Сонымен қатар, Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы Орал қаласының                            №2 ХҚКО кезекші кесте бойынша жұмыс істеді: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Ал, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайындағы кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмысы өзгеріссіз қалады: дүйсенбіден жұмаға дейін қызмет көрсету – сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні қызмет көрсету – сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 13:00-ге дейін.

Тұрғындарға ХҚКО-ға баруды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты.

Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға және цифрлық дағдыларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Smart Point концепциясы  мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, яғни азаматтар тек қызмет алып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді өз бетінше пайдаланып, қажеттілігіне қарай мамандардан кеңес ала алады.

«Түркістандағы Smart Point орталығының ашылуы - жаңа форматтағы ХҚКО-ның іске қосылуы ғана емес, мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу мәдениетін қалыптастыруға бағдарланған маңызды қадам. Бүгінде біздің мақсатымыз - азаматтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, мемлекеттік цифрлық мүмкіндіктерді сенімді пайдалануға көмектесу. Smart Point өңір тұрғындары үшін сұранысқа ие болатын алаңға айналады деп сенемін», -  деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа көрсетілетін қызметтерді барынша жеңілдетуді және цифрландыруды тапсырып, атқарылған жұмыстарды бақылауында ұстап келеді. Бұл бағытта облысымыз жемісті еңбек етуде. Бүгінгі ашылып отырған заманауи кеңсе — соның нақты дәлелі. Облыс әкімдігі мен Мемлекеттік корпорация арасындағы тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде халық сұранысына сай келетін заманауи сервистік хаб құрылған», - деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.

Smart Point цифрлық ХҚКО бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Экспресс-аймақта азаматтар құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өздігінен рәсімдей алады, сондай-ақ арнайы ақпараттық экрандар арқылы AlemGPT сервисінің мүмкіндіктерімен танысады. Цифрлық аймақ мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу және құжаттармен онлайн форматта жұмыс істеу үшін моноблоктармен және жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Сараптамалық аймақта келушілер күрделі мәселелер бойынша мамандардың кеңесін ала алады. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыруға және жаңа электрондық сервистерді меңгеруге арналған оқыту және ақпараттандыру аймақтары қарастырылған. Ал жайлы демалыс аймағында келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған.

Жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін заманауи сервистік инфрақұрылымды дамыту мен қолайлы цифрлық ортаны қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам болды.

Айта кетейік, Smart Point цифрлық ХҚКО форматын алғаш болып енгізген өңір – Ұлытау облысы. Орталық 2026 жылғы 4 маусымда ашылды.

Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ.

Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайын болғаннан кейін пайдалануға болады. Қызмет тапсырыс рәсімделген елді мекен шегінде ғана көрсетіледі. Айта кетейік, егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін рәсімделсе, жеткізу сол күні жүзеге асырылады, ал 17:00-ден кейін рәсімделген жағдайда құжат келесі жұмыс күні жеткізіледі.

«Бүгінде азаматтар үшін уақыт үнемдеу өте маңызды. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі орталыққа бармай-ақ алуға мүмкіндік беретін сервистерді дамытып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы цифрлық экожүйені дамытудағы кезекті қадам болды және азаматтарға күнделікті істерінен қол үзбей, уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жеткізу қызметіне қалай тапсырыс беруге болады:

  1.              «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінен «Құжаттарды жеткізу» қызметін таңдаңыз;
  2. Жеткізу мекенжайын көрсетіп, өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз;
  3.              Оферта шартымен танысып, келісіміңізді растаңыз және қызмет ақысын төлеңіз.

Осыдан кейін қосымша арқылы жеткізу мәртебесін бақылап, курьер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көре аласыз.

Айта кетейік, жаңа сервистің іске қосылуы рәсімдерді жеңілдетуге және азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасында басқа да сервистер мен мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Қосымшаны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлайды.

Жаңа сервис мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, оларды алу кезінде қолайлы жағдай жасауға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Қызмет арқылы мамандандырылған ХҚКО арқылы рәсімделген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (техпаспортты), сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) жеткізуге тапсырыс беруге болады.

Сервисті пайдалану үшін «ХҚКО» мобильді қосымшасында авторизация жасап, «Мамандандырылған ХҚКО» бөліміне, одан әрі «Құжаттарды жеткізу» бөліміне өтіп, өтінімді рәсімдеуді тиісті мәліметтерді толтыру арқылы аяқтау қажет.

Дайын құжаттар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен ағымдағы жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Бұл ретте сағат 17:00-ден кейін рәсімделген тапсырыстар келесі жұмыс күні жеткізілетінін ескерген жөн. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің құны                           7 000 теңгені құрайды.

«Біз азаматтарға арналған сервистерді жетілдіруді және мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған шешімдерді енгізуді жалғастырып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы – қызмет алушыларымыздың қажеттіліктеріне бағытталған тағы бір маңызды қадам. Енді мемлекеттік қызмет нәтижесін алу бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы бола түседі», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Сандыбаев.

15 мая 2026
Тасқала ауданының әкімдігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің басталғанын хабарлайды.

Конкурстың аудандық кезеңіне қатысуға арналған өтінімдер 2026 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурсқа келесілер:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысушы отбасы өтінім, портфолио және аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15 маусымға дейін келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Тасқала  ауылы, Т.Рысқұлбеков  көшесі, 2. Тасқала ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ. Байланыс мәліметтері: тел. 8(71139)21-8-84; 8-705-766-07-67, 8-707-676-78-78.

22 апреля 2026
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді
болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған
интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік
дереккөздердің
мәліметтері
(https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,
https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/,
бойынша
https://www.obozrevatel.com/ekonomika
glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)
зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып
кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және
хабарландыруларды жаппай таратуда.
Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,
бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.
Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал
сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың
шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға
итермелейді.
Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы
өтіп,
сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе
қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді
көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер
және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.
Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru
бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере
отырып, мыналар ұсынылады: - SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл»
хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу; - бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар
арқылы тексеру; - бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін
енгізбеу; - барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы
аутентификацияны қосу; - әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану; - бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып,
барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.
Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың
бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер
арқылы тексеріңіз.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты