2023 жылғы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 10976 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 5231 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 8, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 585 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Тасқала ауданы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы үшін сайлаушылардың 1060 дауысы берілді,
Тоқжанов Бекжан Нұрланұлы үшін сайлаушылардың 384 дауысы берілді,
Шакиров Талғат Асқарұлы үшін сайлаушылардың 3181 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 317.
Сайлау қорытындыларымен Тасқала ауданының әкімі болып
Шакиров Талғат Асқарұлы сайланды, 1973 жылы туған, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы