Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары және сайлау алдындағы үгіттің басталғаны туралы

2023 жылғы 5 қарашада өтетін Тасқала ауданының әкімін сайлау бойынша сайлау науқаны аясында а.ж. 10 қазанында сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 10 қазанда сағат 18.00-де басталып, 4 қарашада сағат 00.00-де аяқталады.

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:

  • Аудандық мәдениет үйі ,Тасқала ауылы Абай көшесі 22
  • Ауылдық мәдениет үйі, Ақтау ауылы  Муканова көшесі 16
  • Ауылдық мәдениет үйі, Оян ауылы Саренбаева көшесі  6
  • Ауылдық мәдениет үйі, Амангелды ауылы  Астана көшесі  6
  • Ауылдық мәдениет үйі, Атамекен ауылы  Иманова көшесі 4
  • Ауылдық мәдениет үйі, ІІ-Шежін ауылы Карменова көшесі
  • Ауылдық мәдениет үйі, Мереке ауылы Акжигитова көшесі  1
  • Ауылдық мәдениет үйі, Достық ауылы  Бейбітшілік көшесі 4
  • Шағын футбол алаңы, Мерей ауылы
  • Ауылдық мәдениет үйі, Бірлік ауылы,  Бірлік  көшесі 11
  • Ауылдық кітапхана, Бастау ауылы Бастау 29
  • Ауылдық клуб, Ынтымақ ауылы  Ынтымақ 49
  • Ауылдық кітапхана, І-Шежін ауылы
  • Ауылдық кітапхана , Айнабұлақ ауылы
  • Ауылдық клуб,Тоғайлы ауылы

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жасайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар анықталды:

  • Ақтау ауылы, Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды;
  • Ақтау ауылы, «Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
  • Ақкүтір ауылы, Ақкүтір көшесі №14 үйдің алды
  • Қараой ауылы, Комсомольская көшесі №2 үйдің алды
  • Амангелдi ауылы, Ауылдық мәдениет үйi ғимаратының алды
  • Бiрiншi Шежiн ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Бірінші Шежін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
  • Достық ауылы, Фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алды; ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
  • Бастау ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Бастау бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
  • Ынтымақ ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ынтымақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
  • Атамекен ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Атамекен» мектеп-бөбекжай-балабақша кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды; 
  • Атамекен ауылы, «Қазақстан ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi ғимаратының алды;
  • Қалмақ-Шабын ауылы, Ауылдық кiтапхана ғимаратының алды;
  • Тасқала ауылы, Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны ғимаратының алды;
  • Тасқала ауылы, «Тасқала аудандық спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды;
  • Тасқала ауылы, Шамов және Абай көшелерiнiң қиылысында;
  • Тасқала ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды;
  • Тасқала ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды;
  • Тасқала ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Бөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорны ғимаратының алды
  • Бiрлiк ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
  • Оян ауылы, Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
  • Кеңжайлау ауылы, Кеңжайлау көшесі № 9 үйдің алды
  • Мереке ауылы, Ауылдық мәдениет үйi ғимаратының алды
  • Мерей ауылы, Ауылдық мәдениет үйi ғимаратының алды
  • Айнабұлақ ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Айнабұлақ негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
  • Тоғайлы ауылы, Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды
  • Екiншi Шежiн ауылы, Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

 

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімдігіне кандидаттарды

ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(2023 жылғы 5 қарашадағы сайлау)

 

 2023 жылғы 10 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша

 

р/б

Аты, әкесінің аты, тегі

 

Туған жылы

жұмыс орны және тұрғылықты жері

кім ұсынды немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен

 

1.

Нарыков Мэлс Жасангалиевич

1983

«Мереке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Мереке ауылы

өзін-өзі ұсынды

2.

Тукжанов Бекжан Нурланович

1974

«Тасқала аудандық сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, басшы, Орал қаласы

«Қазақстан халық партиясы»

3.

Шакиров Талгат Аскарович

1973

«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» ММ, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары,

Тасқала ауылы

«AMANAT» партиясы

 

 

Дата публикации
10 октября 2023