Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

           2023 жылдың 13 тамызында Тасқала ауданының Қазақстан сайлау округі бойынша Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Қазақстан сайлау округі

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 556 азамат енгізілді, оның – 422 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны- 19, «Барлығына қарсы» -8.

         Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ибрагимов Э.К. -309 (78%)

Сарсенов А.У.- 81 (21%)

Шатенова Т.С.- 5 (1%)

Ибрагимов Эрнар Курамсович 1979 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
14 августа 2023