Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылдың 5 шілдедегі № 28 ШЕШІМІ

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылдың 5  шілдедегі № 28 ШЕШІМІ

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2023 жылғы 13 тамызға  тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Тасқала ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Екпін» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.

 

 

 

 

Тасқала аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                          А.Нұрмақов

 

Тасқала аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                         Д.Баишева

 

 

 

 

 

 

                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 июля 2023