ЖАМБЫЛДА 132 АДАМ ДАУЫС БЕРЕДІ

ЖАМБЫЛДА 132 АДАМ ДАУЫС БЕРЕДІ
ЖАМБЫЛДА 132 АДАМ ДАУЫС БЕРЕДІ
Бұлан ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы #295 сайлау учаскесі де таңғы 07:00 - ден бастап жұмыс жасауда.
Бұл ауыл бойынша 132 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру учаскелердің ашылуымен бірге басталды. Белсенді азаматтық пікірін білдірушілер қатарында: бюджеттік сала өкілдері, шаруалар, жергілікті халық.
Жамбылдықтар ауылының болашағын ауылшаруашылығымен байланыстырады. Клубқа да жаңа заманның келбеті керек. Жаңа әкім осы жұмыстарға көңіл бөледі деп сеніп отыр.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
📸Айман ӨТЕҒАЛИЕВА