Шағырлой ауылындағы #302 сайлау учаскесіне жас отбасы Асениевтер әулеті дауыс берді. Отағасы Асениев Әділ ауылдағы жалғыз сауда үйі “Нұрдәулет” азық-түлік дүкенінің жетекшісі, жас кәсіпкер. Яғни, ауылдың керек жарағына жараған жігіт.
Әділ мырза тұрғындарды ауыл болашағы үшін сайлауға дауыс беруге шақырады.