САРОЙДА САЙЛАУШЫЛАРҒА ЕСІК АШЫҚ
Бүгін Сарой ауылдық округіндегі #302 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.Таңғы сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн шырқалып, сайлаушыларға есік ашылды.
Сайлау учаскесіне учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Арыстанғалиев, комиссия төрағасының орынбасары Мирас Лұқпанов, комиссия хатшысы Бибінұр Ғабдешева және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Эльмира Кенесаринамен Мақсот Маханбет бекітілген. Тұрғындар кешкі сағат 20:00 ге дейін ауыл болашағы үшін шешім қабылдайды.Учаскеге жалпы саны 301 сайлаушы тіркелген.
Айта кетейік,арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған.