Арыстанов Әділ Қасайынұлы - 1990 жылы 30 қаңтарда Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін 2013 жылы “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 2015 жылы «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Жаңақала ауданының туберкулез ауруханасының компьютер операторы болып бастаған.
2015-2020 жылдары Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекші маманы;
2020-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бюджеттік саясаты және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2022-2024 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы бюджет саясаты және бюджетті жоспарлау, болжау, атқарылуын үйлестіру бөлімінің бас маманы;
2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып ке